2020 жылғы 26 қаңтар  – Халықаралық интернетсіз күнге арналған «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясының (бұдан әрі – Акция) тұжырымдамасы

 

Дүниежүзілік күн 2000 жылдардың басында құрылған.Халықаралық интернетсіз күнді«DoBe.org» британдық коммерциялық емес онлайн-жобасы құрды. Бүгінде ғаламдық желі өмірдің барлық салаларына және ғаламшардың барлық дерлік өңірлеріне еніп отыр, сонымен қатар, ресми статистика бойынша 2000 жылмен салыстырғанда, желіні пайдаланушылар саны 5 есе, ал интернет-қосылу жылдамдығы 30-ға артты.

Көпшілігіміз әр күнімізді интернет арқылы бейнелер, ауа райы,жаңалықтар  көруден не музыка тыңдаудан бастаймыз.

Интернеттің оң жақтарымен қатар, теріс жақтары да болады. Медициналық тұрғыдан алғанда, уақытты үнемі желіде өткізу адамның психологиялық және физикалық жай-күйіне теріс әсер етеді, бұл, ең алдымен, балалардың денсаулығына қатысты. Сол себепті, Интернетсіз күн әрқайсымыз үшін оң септігін тигізетіні сөзсіз.

Халықаралық интернетсіз күн – бұл жаһандық желіні пайдаланушыларды бір күнге интернетті ойдан шығаруға шақыратын өзіндік бүкіләлемдік флешмоб. Аталған күн әлемнің бірде-бір мемлекетінде ресми түрде атап өтілмейді, бұл бізге Англиядан келген дәстүр және оның негізгі мақсаты, атап өтілгендей, адамзатты кем дегенде бір күнге шынайы өмірге қайтару. Бұл флешмоб, ең алдымен, интернетке тәуелділікпен күресуге бағытталған.

Бұл күнді жаһандық желіден бас тарта отырып, жақындармен өткізу, мәселен, интернетке қосулы барлық құралдарды үйде қалдырып, табиғатқа шығу.

Негізгі мақсаты – интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың интернет-белсенділігін бақылауға қатысты интернет-қызметтерді ересек пайдаланушылардың жауапкершілігін, интернет-пайдалану мәдениетін арттыру.

 

Концепция Республиканской широкомасштабной детской акции, посвященной Международному дню без интернета 26 января 2020 года «Я OFFLINE» (далее-Акция)

 

Всемирный день основан в начале 2000-х годов. Международный день без интернета основал британский некоммерческий онлайн-проект «DoBe.org».  Сегодня глобальная сеть проникла во все сферы жизни и почти все регионы планеты, к тому же по официальной статистике по сравнению с 2000-ми годами количество пользователей Сети увеличилось в 5 раз, а скорость интернет - соединения в 30.

Большинство из нас каждый день начинают из того, что с помощью интернета просматривают новости, погоду, видео или слушают музыку.

Интернет это не только плюсы, и минусы тоже. С медицинской точки зрения постоянное провождение времени в Сети негативно влияет на психологическое и физическое здоровье человека, в первую очередь это касается детей. День без Интернета однозначно станет полезным для каждого из нас.

Internationa lInternet – Free Day – это своеобразный всемирный флешмоб, который призывает пользователей глобальной сети на один день забыть об Интернете. Данный день ни в одном государстве мира не отмечается официально, это скорее всего традиция, которая пришла к нам с Англии и ее основная цель, как уже писали, вернуть человечество к реальной жизни хотя бы на один день. Этот флешмоб прежде всего нацелен на борьбу с интернет - зависимостью. 

 Основная цель – профилактика интернет зависимости, повышение культуры пользования Интернет ответственности взрослых пользователей Интернет-услуг в отношении контроля за Интернет - активностью несовершеннолетних.